Елордада қазақ-өзбек зиялылары бас қосты

2 264

Фото: Дәулет Ізтілеу/ KazinformАлғаш ұйымдастырылған форумға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева бастаған қазақ-өзбек ғылыми-шығармашылық зиялы өкілдері қатысып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Құрметті Танзила Нарбаева, қадірлі форумға қатысушылар, қонақтар өздеріңізбен Астанада бас қосқанымызға қуаныштымыз. Қонақжай қазақ еліне қош келдіңіздер! Бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми-шығармашылық зиялы қауымы жиналып отыр. Қазақ-өзбек зиялыларының форумы бауырлас халықтардың рухани ынтымақтастығына жаңа жол ашады. Форумның Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваның Қазақстанға ресми сапары аясында өтуі іс-шараның маңызын одан әрі арттыра түседі, — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев форумның ашылу салтанатында.

Сенат спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасының ауқымы кең.

— Біз тек тату көрші ғана емеспіз, екіжақты қарым-қатынас шынайы достық пен бауырластыққа негізделген. Салт-дәстүр, руханият түбірі бір ортақ мәдени мұра. Қазақ халқы өзбек халқына үнемі ілтипат танытып, бауыр ретінде құрмет тұтады. Қуанышта да, қиын-қыстау кезде де бір-бірімізге көмек қолын созып, бауырластық танытып келеміз. Біздің қазіргі шекара болмаған кезде, ертеде ұлы Жібек жолы жалғап жатты. Осындай тарихи сабақтастық ынтымақтастығымызды нығайтып, қарым-қатынасқа жаңа серпін беріп жатыр, — дейді төраға.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады. 

Мемлекет басшысы қос халық арасындағы достық, тату көршілік байланыстарды нығайтуға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының қосқан үлесін жоғары бағалады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.