Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

329
Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли республикалық "Құсбегілік" федерациясының президенті болып тағайындалды. 

"Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық "Құсбегілік" федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық "Құсбегілік" федерациясының президенті – Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті болып Берік Уәли тағайындалды" делінген хабарламада. ⠀ Айта кетейік, Берік Уәли 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі – департамент директоры болған. 


2018-2019 жж. – Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарды. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.