«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі аяқталды
498
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елордада өткен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі қорытындылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министр бүгінгі кездесу өте жемісті және мазмұнды болғанын атап өтті.
Министр биылғы жылдың маңызды оқиғасы 25 қаңтарда өткен Орталық Азия мен Қытай мемлекеттері басшыларының саммиті болғанын, оның аясында ынтымақтастықтың магистральдық бағыттары егжей-тегжейлі қаралып, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланғанын баса айтты.
«Бүгін Нұр-Сұлтанда «Орталық Азия – Қытай» форматында Сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі сәтті аяқталды. Осы платформаны құру бастамасын қытай тарапы 2020 жылы өңір мемлекеттерінің Қытаймен көпжоспарлы байланыстарын нығайту бойынша күш-жігерді ұлғайту, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұсынды. Тарихи өлшем бойынша өте қысқа кезеңде бұл формат өзін сенім ахуалын, тату көршілік пен өңірлік және халықаралық өзекті проблемаларды шешудің өзара тиімді тәсілдерін сындарлы іздеуді нығайтуға қабілетті, жан-жақты өзара іс-қимылдың тиімді және перспективалы институттарының бірі ретінде көрсетті», - деді Мұхтар Тілеуберді кеңестен кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.
Министр бүгінгі кездесу өте жемісті және мазмұнды болғанын атап өтті.
«Біз дәстүрлі достық, ашықтық және прагматизм рухында өткен пікір алмасуға қанағаттанамыз. Кеңеске қатысушылар «Орталық Азия – Қытай» форматы жылдан жылға әлеуеті мен тиімділігін арттыра отырып, белгіленген мақсаттарға жетеді деген ортақ пікірге келді. Біздің диалог аясында жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға, оның елеулі мүмкіндіктерін ашуға және Орталық Азия өңірін бейбітшілік, достық, өзара көмек, орнықты даму және үйлесімділік кеңістігіне айналдыруға мүдделілігімізді кезекті рет растаймыз. Бұл кездесудің мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өтуі өте маңызды», - деді ол.
Министр биылғы жылдың маңызды оқиғасы 25 қаңтарда өткен Орталық Азия мен Қытай мемлекеттері басшыларының саммиті болғанын, оның аясында ынтымақтастықтың магистральдық бағыттары егжей-тегжейлі қаралып, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланғанын баса айтты.
«Елдеріміздің мемлекет басшылары көтерген бастамаларды іске асыру мақсатында Жол картасын қабылдау алға қарай маңызды қадам болды. Бұл құжат қауіпсіздік, көлік және логистика, энергетика, өнеркәсіпті жаңғырту, климаттың өзгеруімен күрес, «жасыл» экономика, IT-индустрия, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және басқа да маңызды салаларды қамтиды. Сонымен қатар, тараптар Орталық Азия өңірінің Қытаймен өзара байланысын тереңдету және деректер қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тиісті бастамаларды мақұлдады. Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі бүгінгі отырыс аясында өткен нәтижелі консультациялардың қорытындысын шығарды. Бүгін Қазақстан осы форматтағы өзінің төрағалығын аяқтады. Министрлердің ортақ шешіміне сәйкес бұл маңызды міндет - келесі төртінші форумды басқару - Қытай Халық Республикасына өтті. Бүгінгі кездесуде ұжымдық жұмыспен атқарылған жұмыстарға қанағаттанушылық білдіре отырып, біз өңір елдерінің осы формат шеңберінде көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайтуға толық мүдделі екендіктерін тағы да растаймыз. Бүгінгі кеңес және оның қорытындылары біздің диалог шеңберінде өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін берік іргетас қалайтынына және біздің өңірімізді бейбітшілік, достық, тұрақтылық, өзара көмек, орнықты даму және үйлесімділік кеңістігіне айналдыруға ықпал ететініне сенімдіміз», - деді Мұхтар Тілеуберді.