Франция қазақстандықтарға виза режимін жеңілдетуді қолдады

2 515

Фото: Polisia.kzФранция қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Франция Республикасына және Нидерланд Корольдігіне барып, еуропалық және халықаралық полиция құрылымдарының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізген.

Париж қаласында министр Франция Республикасының ішкі істер министрі Брюно Ретайомен келіссөздер жүргізіп, 2009 жылдан бастап қолданыстағы Қылмыспен күрес туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың жай-күйін қараған.

Реадмиссия және көші-қон бақылауы саласындағы ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылған. Былтыр қол қойылған Реадмиссия туралы келісімді іске асыруға өзара дайындық пысықталған.

Француз тарапы Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақ елдері тарапынан виза режимін жеңілдету рәсімін қолдауға дайын екенін білдірген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.