Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады

2 590

Фото: Ақорда / Алмас Сейтақынов пен Олжас Мұхамедғалымұлы СүлейменовАқорданың мәліметіне сенсек, мемлекет басшысының жарлығымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық социалистік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды", – делінген ақпаратта.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.