Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі туралы қаулы өзгеріссіз қалды

330
Елордалық сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақтан босату туралы өтінішті қабылдамады.

Осылайша, үйқамақта ұстау туралы қаулының күші жойылмайтын болды.


 "Қымыстық-атқару кодексінің 107-бабы, 7-бөлігі, 1-тармағын басшылыққа ала отырып, сот алқасы шешім шығарды: Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі күдікті Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде екі ай бойы үйқамақта болу мерзімін санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын.


 Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Түпкілікті қаулы шығарылды, аппеляциялық шағым түсіруге жатпайды", - дейді судья Элеонора Оңғарсынова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.