Фуат Сатыбаев Мәжіліс депутаты ретінде ант берді
445
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Фуат Сатыбаев ант берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Фуат Сатыбаев.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 9 қарашада Ортсайлауком отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Фуат Сатыбаев Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал. 2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.







