Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар тобы Түркияға аттанды

433
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматыдан Түркияға жолға шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар.

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Құтқару жұмысын жүргізуде көпжылдық тәжірибесі бар құтқарушыларда қажетті жабдықтар бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.