Асқар Мамин су бойынша тарифтік саясатты жетілдіруді тапсырды

307

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауылдарды сумен жабдықтау үшін бірқатар тапсырма берді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Мынадай мәселелерге назарларыңызды аударғым келеді. Бірінші, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету және биылғы жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. Екінші, Ұлттық экономика министрлігі Индустрия, Экология министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, су пайдалануда цифрлық технологияларды енгізуді қоса алғанда, қажетті инвестициялық шығындарды ескеріп, су бойынша тарифтік саясатты жетілдіру мәселесін пысықтасын», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, ауылдарда сумен жабдықтау объектілерін салу кезінде бақылауды күшейтуді тапсырды.

« Индустрия министрлігі елді мекендерді сумен жабдықтаудың интерактивті картасын жаңартсын, оған тұтынушылармен кері байланыс функциясын қоссын», - деді А. Мамин.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.