Семей әкімі қанша жалақы алатынын айтты

352

Фото: Семей қаласының әкімдігіСемейлік кәсіпкерлер қала басшысы Нұрымбет Сақтағановпен кездесуге карантин шектеулерін жеңілдетуді талап ету үшін келген. Әңгіме барысында әкім жалақы мөлшерін жариялады.

Жиынға келгендердің айтуынша, кәсіпкерліктің көптеген салалары бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімдеріне байланысты "тұншығуда". Кейбір адамдар жұмыссыз жүр, дейді олар.

Сонымен қатар, әңгіме барысында қала басшысынан қанша жалақы алатыны және пандемия жанұясына қалай әсер еткені туралы сұралды.
 
"Айтыңызшы, пандемия сізге әсер етті ме? Сіз өзіңіз қаржылық дағдарысты сезінесіз бе? Сіз қанша жалақы аласыз? Қанша қаражатпен өмір сүресіз?" - деді кәсіпкердің бірі. 

"Жалақым айына 450 мың теңгені құрайды. Менің несием бар, оны төлеймін. Қаржылық жағынан пандемия менің отбасыма әсер еткен жоқ", - дейді Нұрымбет Сақтағанов. 

Алайда Семей қаласы әкімінің жауабы кәсіпкерлерді таңдандырған жоқ.

Олар қала басшысына шектеулерге байланысты көптеген адамдар несие үшін ғана емес, тіпті коммуналдық қызметтер үшін ақша таба алмай отырғандарын жеткізді.
 Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің Instagram парақшасында қаладағы жолдардың 78 пайызы жақсы жағдайда екендігі туралы хабарлама жариялады. Алайда қала тұрғындары бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.