27 мамырда Путин Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді

2 514

Фото: Аqorda27-29 мамыр күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28- ші мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29- шы мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары аспанда әскери жойғыш ұшақтардың ақ, көк және қызыл жолақтар қалдырып жатқанын байқаған. Қорғаныс министрлігі бұған дейін алдағы іс-шараларға дайындық ретінде Астана әуе кеңістігінде 24- ші мамырдан бастап әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталатынын ескерткен.

Министрлік ұшулар қауіпсіз биіктікте өтіп жатқанын және қаланың күнделікті өміріне әсер етпеуі керек екенін мәлімдеген. Сондай-ақ тұрғындардан жаттығу кезінде болуы мүмкін шу туралы түсіністікпен қарауды сұраған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.