Санкция салдарынан азық-түлікке мұқтаж елдер зардап шегуде – Тоқаев

2 506

Фото: Ақорда баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің мұқтаж елдерге азық-түлік жеткізуіне кедергі келтіріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тоқаевтың сөзінше, санкцияның салдарынан азық-түлікке мұқтаж елдер зардап шегуде. 


"Жабдықтарды жеткізуге санкциялар бірінші орынға шыққан геосаяси жағдай кедергі келтіруде. Соның салдарынан азық-түлікке мұқтаж халықтар зардап шегуде. Сарапшылардың пікірінше, ЕАЭО елдерінің әлеуеті 600 миллионға жуық адамды тамақтандыруға қабілетті", – деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Тоқаев.

Ол "Еуразиялық бестік" азық-түлікпен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейіне қол жеткізгенін айтты. Дегенмен, бұл елдерде әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы экспортының үлесі (2 пайыздан сәл ғана астам) төмен болып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.