Трамп 185 елге, cоның ішінде Қазақстанға баж салығын енгізбек

2 613

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әке©️ The White Houseлінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол 2 сәуірде Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. АҚШ әкімшілігі өзара іс-қимыл принципі бойынша импорттық өнімге кедендік баж салатын 185 мемлекеттің тізімін Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында жариялады. 

Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы 34 пайыз, ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады. Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген. 


Тізімде Ресей туралы айтылмаған. Сондай-ақ, тізімде Мексика, Иран, Канада және Беларусь жоқ. Дегенмен Вашингтон Украинадан келетін тауарларға 10 пайыз көлемінде сауда бажын енгізу туралы шешім қабылдаған. Посткеңестік кеңістіктегі көптеген ел үшін, соның ішінде Молдова (31 пайыз) мен Қазақстаннан басқа елдерге 10 пайыз енгізілген. Армения, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстанда 10 пайыз.


Фото: truthsocial/@realDonaldTrump


Бұдан бөлек Трамп жеңіл көлік, жеңіл жүк көлігі және көлік бөлшектері импортына 25 пайыз баж салығын енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.  Ақ үй басшысы баж салығын енгізу туралы шешімді "экономикалық тәуелсіздік декларациясы" деп атады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.