Қытай төрағасы Си Цзиньпин 9 күннен кейін Қазақстанға келеді
184
Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Бір айта кетерлігі, Қытай көшбасшысы пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастағалы отыр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл 14 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында мемлекет басшылары арасында екіжақты келіссөздер жоспарланды,— дейді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, сонымен қатар ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты құжаттарға қол қойылады. Сапар мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге, Қазақстан мен Қытай арасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Бұл сапар коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Қытай басшысы Си Цзиньпиннің алғашқы шетелдік сапары болатынын атап өткен жөн,— дейді ресми өкіл.