Қытай төрағасы Си Цзиньпин 9 күннен кейін Қазақстанға келеді

193

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақорда прессҚытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі   Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бір айта кетерлігі, Қытай көшбасшысы пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастағалы отыр.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл 14 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Сапар аясында мемлекет басшылары арасында екіжақты келіссөздер жоспарланды,— дейді Айбек Смадияров.


Оның айтуынша, сонымен қатар ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты құжаттарға қол қойылады. Сапар мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге, Қазақстан мен Қытай арасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.


Бұл сапар коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Қытай басшысы Си Цзиньпиннің алғашқы шетелдік сапары болатынын атап өткен жөн,— дейді ресми өкіл.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.