Қазақстанда екі жаңа комитет құрылды

393

Фото: pixabay.comМәдениет және спорт министрлігінде 2 жаңа комитет құрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысында айтылды.

Құжатқа сәйкес министрлікте архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен мәдениет комитеті құрылды.
 Осы қаулыға сәйкес, архив істері және құжаттаманы басқару комитеті  жанынан "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ашылды. 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек деген болатын.  Пандемия ке­зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керегін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті. Президент 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 процентке қысқартуды тапсырған. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.