Қасым-Жомарт Тоқаев климатқа байланысты Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды
691
Қасым-Жомарт Тоқаев климатқа байланысты Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының дерегінше, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2724 мұздық бар.
«Күш-жігерімізді жұмылдырмай, Орталық Азиядағы климаттың өзгеру салдарын еңсеру мүмкін емес. Сондықтан бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру үшін Қоршаған ортаны қорғау және аймақтағы климаттың өзгеруіне қатысты келісілген саясат жүргізу жөніндегі Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынамыз. Мүмкіндікті пайдаланып, осы өзекті мәселеге қатысты аса маңызды деректер келтіре кетейін. Үкіметаралық сарапшылар тобының климаттың өзгеруі жөніндегі 1,5 градус туралы арнайы баяндамасында ғасыр соңында Орталық Азиядағы температура Цельсий бағаны бойынша 6 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған. Бұл жаһандық температураның болжамды көтерілуінен екі есе артық», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.
Мемлекет басшысының дерегінше, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2724 мұздық бар.
«Ең үлкені Тұйықсу мұздығының көлемі соңғы 38 жылда 1 шақырымға дейін кішірейген. Бұл мұздық жыл сайын 58 миллион тонна көлемінің шамамен 1 миллион тоннасын жоғалтады. Бұл 2040 жылға қарай су ресурстарының 20 пайыздан астам азаюына алып келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.