Тоқаев: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілінің Конституцияда тиісті орны бар

463
Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІ съезінде Қазақстан үшін ұлттық бірлікті сақтау маңызды екенін айтты. Президент еліміздегі тіл мәселесі жөнінде сөз қозғап, Конституцияда бекітілген қазақ және орыс тілдерінің мәртебесін еске салды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

 "Мен БҰҰ-да жұмыс істедім, сондықтан ұлттық бірлікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін білемін, әсіресе көпұлтты мемлекеттерде.(...) Тілдерге қатысты кемсітушілікке жол берілмейтінін атап өткім келеді. Конституцияда бұл сұрақтың нақты жауабы бар: мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ біздің еліміздің Конституциясында орыс тілінің тиісті орны бар", – деді Тоқаев.

Айта кетерлік жайт, ҚХА съезінде қазақстандық блогер Алексей Лодочников сөз сөйлеп, өзінің қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгергенін көрсеткен. Тоқаев қазақша сөйлейтін қазақстандықтарға құрметпен қарайтынын айтты.

"Мен мемлекеттік тіл - қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызды қатты құрметтеймін. Бүгін Алексей Лодочников айтқандай, бұндай азаматтар мыңдап саналады, оларға қолдау көрсету керек деп есептеймін", - деді Тоқаев.

 Еске сала кетсек, бүгін президент Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін еліміздегі өзге тілдерді кемсітпей және оларға залал келтірмей көтеру қажет екенін мәлімдеген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.