Зеленский Ресейді келіссөзге шақырды

454

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімдеме "Украина-24" телеарнасында көрсетілген видеоүндеуде айтылды. Трансляция YouTube-та жүргізілді.

"Ресей ерте ме, кеш пе бізбен қақтығыстарды тоқтату туралы келіссөз жүргізуі керек", - деді Зеленский.

Оның айтуынша, бұл келіссөз неғұрлым ерте болса, Ресейдің шығыны да аз болады.

Сондай-ақ, Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы қақтығысының тоқтамауы Батыстың Мәскеуге  салған санкцияларының жеткіліксіз екенін көрсетіп отырғанын, әлем Украинада болып жатқан оқиғаларды тек алыстан бақылап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.

Қорытындылай келе, Украина басшысы Ресеймен Украинаның бейтарап мәртебесі туралы мәселені талқылаудан қорықпайтынын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.