Қызылордада ауылдық әкім сайлауы өтті

1 576

ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес Қызылорда қаласындағы Ақсуат ауылдық округінің әкімі сайлауы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жергілікті тұрғындар жексенбі күні таңғы сағат 07.00-де №227 және №265 сайлау учаскесінде сайлаушыларға үміткер 3 азаматқа дауыс беріп жатыр. Олардың барлығы саяси шараға өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысуда.


Ақсуат округінде 10030 халық тұрады. Мұнда 5602 сайлаушы тіркелген.


«Жыл басынан бері Қызылорда өңірінде 12 ауылдың әкімі сайланды. Олардың қатарында Қазалы ауданының Ақжона, Арықбалық, Жалағаш ауданының Жаңадария, Аққұм, Мырзабай ахун, Сырдария ауданының Ақжарма, Жаңақорған ауданының Жаңарық, Сүттіқұдық, Қаратөбе және Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылдық округінің әкімі бар. Сондай-ақ, Арал ауданының Жаңақұрылыс және Құланды ауылдық округінің әкімдері бар. Жыл соңына дейін аймақта жоспарлы тағы 12 ауыл әкімінің сайлауы өткізіледі», - деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.