Былтыр елімізге қанша қандас көшіп келді

2 524

Фото: Sputnik / Евгений Биятов2025 жылы Қазақстанға 6 843 адам көшіп келген, оның 2 234-і — қандас, қалғаны — қоныс аударушылар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сай, бұл тізімде солтүстік өңірлер көш бастап тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда: 

— Павлодар облысына — 2 190 адам,

— Солтүстік Қазақстан облысына — 2 176 адам,

— Шығыс Қазақстан облысына — 774 адам,

— Қостанай облысына — 651 адам,

— Абай облысына — 508 адам,

— Ақмола облысына — 300 адам,

— Атырау облысына — 103 адам,

— Ұлытау облысына — 103 адам,

— Қарағанды облысына — 38 адам қоныс аударған.

Көшіп келуші адамдар мына елдерден келген:

* Қытайдан — 853

* Өзбекстаннан — 720

* Моңғолиядан — 459

* Ресейден — 103

* Түрікменстаннан — 64

* басқа елдерден — 35 адам.

Министрлік атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеді. Бұл шаралар қоныс аударушылар мен қандастарға арналған әлеуметтік және тұрғын үй қолдауын жақсартуға мүмкіндік береді.