Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті «Кулие» резиденциясында қарсы алды
1 963
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түркияға іссапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды,
Президент қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты.
Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Түркияға іссапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды,
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Кулие» резиденциясында қарсы алды.", - делінген хабарламада.
Президент қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты.
"Марқұмдардың туған-туыстарына, Өзіңізге және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтамын. Түркия – әрқашан қиындыққа қарсы тұра білген мемлекет. Сіздер мол тәжірибе мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықты еңсеріп шығасыздар деп сенемін.", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
"Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстаның құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік.", – деді Түркия президенті.