Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе талқыланатыны белгілі болды

438
19 желтоқсанда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Жиында парламент жұмысының регламенті талқыланады. Бұл туралы сенат депутаты Дана Нұржігіт айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Бұл отырыста парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау қарастырылады. Парламент қызметіне байланысты бірнеше заңға өзгерістер енгізілгені белгілі. Осыған сәйкес парламент жұмысының регламенті өзгеруі керек. 19 желтоқсанда парламент жұмысының регламенті талқыланып, қабылданады, - деді Дана Нұржігіт.


Сенатор күн тәртібінде басқа мәселе қаралмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылдың 19 желтоқсаны сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын, - деп жазылған өкім мәтінінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.