Сенат төрағасы: Жастар «Елдіктің жеті тұғырын» ту етуі керек

467
«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында ҚР Паламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты тұжырымдаманың маңызына тоқталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Күні кеше Елбасымыз Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында тәуелсіздігімізді нығайтудың маңызды міндеттерін атап, «Елдіктің жеті тұғыры» атты тұжырымдаманы жариялады. Тәуелсіздікті, бірлікті, ата-бабадан мирас болған жерді, отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді, ұлттық мәдениетті сақтаудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ Елбасымыз білім мен прагматизмнің елдің өсіп-өркендеуіндегі маңызды басымдықтар екенін айтты. Жастарымыз осы «Жеті тұғырды» терең түсініп, оларды ту етіп, елге қызмет етуі керек», - деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ ол уақыт өткен сайын әлем күрделеніп келе жатқанын еске салды.

«Жаңа сын-қатерлер пайда болып жатыр. Мұның бәрі біздің елімізге де өз әсерін тигізері сөзсіз. Осындай жағдайда тәуелсіздігімізді нығайту, егемендігімізді баянды ету, Елбасымыз айтқандай, өскелең ұрпақтың ең басты міндеті болуы керек. Біздің жастарымыз отаншыл, патриот азаматтар. Сонымен бірге өз ісінің нағыз шебері, білікті әксіби маман болу да аса маңызды», - деді Сенат төрағасы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.