Украинада орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан шығарылды

370

Фото: АлександрУкраинада орыс тілінде сөз сөйлегені үшін облыстық кеңестің депутаты Александр Дорошенко партия қатарынан шықты.
"Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөйлегені үшін фракция қатарынан шығарылған.
 Партия депутаттың "басқыншы елдің тілінде" сөйлегенін және әріптестерінің ескертуін елемегінін айтқан.
 Александр Дорошенконың өзі Facebook парақшасында орыс тілін қатты қобалжығаннан кейін қолданғанын мәлімдеген.
 "Қобалжыдым, сол себепті орыс тілінде сөйледім және украин тілінде ойымды жеткізе алмадым. Қоғам алдында, "Еуропалық ынтымақтастық" партиясындағы әріптестерімнің алдында кешірім сұрағым келеді. Менің әріптестерім жасаған ескертулерге реакциям басқаша болуы керек еді", - деп жазған депутат. 
Сонымен қатар, Дорошенко алдағы уақытта көпшілік алдында тек украин тілінде сөйлеуге уәде берген. Десе де, ол өзінің орыстілді екенін мойындаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.