Қызылорда облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

313
«Қазіргі таңда коронавирус індеті қайта өршу үстінде. Былтыр осы кезеңде қаншама жақын-жуығымыздан, жақсыларымыз бен жайсаңдарымыздан айрылып, Туымыз төмен түсіп, қара жамылдық. Ол күндер мәңгі ешкімнің есінен кетпейді. Биыл да індетпен ауырғандар күннен күнге тоқтаусыз көбеюде. Біздің бейғамдығымыз бен карантиннің қарапайым талаптарын сақтауға салғырттығымыздың кесірі өзімізге ғана емес, отбасымыз бен туыстарымызға, айналамыздағы адамдарға тиюде», - дейді ол.Әбдіқалықованың айтуынша, бүгінгі күні облыста барлығы коронавирус инфекциясының 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құрап отыр.  «Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2,0 пайызы сырттан тасымалданған, 58,0 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде және 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар. Ауруға жаңа туған нәрестелер мен қариялар да шалдықса, соның ішінде 20 жастан 69 жас аралығындағы азаматтар арасында белсенділік байқалуда», - дейді ол.  «Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын. Денсаулығымыз - өз қолымызда! Індетті бірге жеңейік!», - деп сөзін аяқтады Гүлшара Әбдіқалықова.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.