М.Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті

247
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар.24 арнасына сілтеме жасап.

Палата Спикері Сауд Арабиясы Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін, ал екі ел халқын ортақ дін мен рухани құндылықтар байланыстыратынын айтты. Кездесуде тараптар екі мемлекеттің өкілді органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Сонымен қатар жиында келесі жылы елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы да сөз болды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қазақстан Парламенті Сенаты Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесімен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.  Бұл ретте қос мемлекет арасындағы достық топтарының маңызы зор. Біз Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыру және жаңғырту бағдарламасын зерделеуге мүдделіміз. Байланысты нығайту үшін тұрақты консультациялар жүйесін жасауды ұсынамын. Оны салалық комиттер арасында ұйымдастырып, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттарда іске асыруға болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.