Тоқаев Қырғызстан президентін туған күнімен құттықтады

270
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, игіліктер мен оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, Парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.