Қазақстан мен Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағы елдері өзара визадан босату туралы келісімге қол қойды

2 557

Фото: gcs.gov.mo«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік аймағының үкіметі арасындағы ел азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімге» қол қою рәсімі 9 сәуірде Макао арнайы әкімшілік аймағында өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Макао арнайы әкімшілік аймағының үкіметтік ақпараттық бюросы мәлім етті.


Келісімге екі тараптың атынан Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағының әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің басшысы Чжан Юнчун қол қойды.


Жоғарыда аталған келісім күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының жарамды төлқұжаттарының иелері Макао аймағына визасыз кіріп, 14 күнге дейін бола алады. Сонымен бірге, жарамды Макао арнайы әкімшілік аймағының паспорттары бар Макао тұрғындары да Қазақстан Республикасына визасыз кіре алады және 14 күнге дейін бола алады. Бірақ, сапар мақсаты – туризм не транзит болуы тиіс. Қазақстандықтар Макаоға, Мака азаматтары Қазақстанға оқуға, жұмыс істеуге немесе сол елде тұруға визасыз бара алмайды.


Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Алмас Сейтақынов та қатысқан.


2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы шектеулі визасыз режим енгізіліп, оның аясында азаматтардың 30 күн мерзімге көршілес елге баруына рұқсат берілген болатын. Алайда, бұл рұқсаттың Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары – Гонконг пен Макаоға қатысы болмаған.


Қазіргі таңда қазақстандықтар Гонконгқа 14 күнге визасыз бара алады, ал Макаоға бару үшін виза қажет.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.