Ақ үй Қазақстан тумасын лауазымды қызметке тағайындамақ

368
Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-та белді қызметке тағайындалуы мүмкін. Ақ үй оны АҚШ Қаржы министрлігі тұсындағы валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне кандидат ретінде қарастырып жатыр деп жазады New York Times.
 
Корнелл профессоры атанып отырған Сәуле Омарова бұған дейін Джордж Буштың тұсында қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі қызметін атқарған. Одан бөлек, Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шыққан.

Байденнің әкімшілігі валюталық бақылау басқармасына басшы ретінде Омаровадан бұрын екі адамның кандидатурасын қарастырып, ақыры таңдау Омароваға түсіпті.

"Егер Омарова бұл қызметке тағайындалып, Сенаттың қолдауына ие болса, Уолл-стриттегі ірі банктер бұрынғы басшыларымен орнатылған жылы қарым-қатынасты жаңа басшымен де орната алатынын күтпесе болады", - делінген басылым мақаласында.

Басылым дереккөзінің сөздеріне сенсек, Байденнің көмекшілері Омарованың кандидатурасын қарастырып, жан-жақты тексеріп жатыр және бұл үдеріс әзірге бастапқы сатысында ғана.

Сәуле Омарованың ғылыми еңбектері мен криптовалютаға қатысты банкке төнетін қауіп-қатерлер мәселесін көтеруі Ақ үйдің назарын аударып, ақыры Қазақстан тумасының кандидатурасын осындай белді лауазымға қарастыру шешімі қабылданған екен.

"Ол алдағы айлардың бірінде немесе келесі жылдың басында бұл қызметке тағайындалуы әбден мүмкін. Содан кейін оған бесжылдық мерзімге Сенаттың мақұлдауына ие болу қажет", - дейді басылым дереккөзі.

Мақала авторы Омарованың кандидатурасы оған дейін ұсынылған кандидаттарға қарағанда айтарлықтай дау тудырмайтынына назар аударды.

Өзге кандидаттар қаржы индустриясында аса танымал болмаса да, өз әрекеттерімен ел арасында бірқатар сын-пікірлерге ие болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.