Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскер жіберу туралы ұсынысын парламент мақұлдады
Қазақстан парламенті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскерін жіберу туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дауыс беру қорытындысын Ерлан Қошанов жария етті. "Сенаттың қатысып отырған 47 депутатының 47-сі, мәжілістің қатысып отырған 90 депутатының 90-ы қолдап дауыс берді", - деді Қошанов.
Қазақстанда 430 офицерді бітімгершілік миссияны орындауға жіберу ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштері контингентін жіберу туралы ұсынысы. Халықаралық міндеттемелерді орындау үшін республиканың қарулы күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды. Осыған байланыст мемлекет басшысының ұсынысын Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқыды.
"Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы президентінің атынан Қазақстан әскери қызметшілерін БҰҰ бітімгершілік миссиясын жіберу туралы ұсынысын баяндауға рұқсат етіңіздер. Әскери қызметшілерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін біріккен ұлттар ұйымының бітімгершілік миссиясына жіберу парламенттің бұрын қабылдаған бірнеше қаулысына сәйкес жүргізіледі. 2014 жылдан бастап 57 офицер ұйымның Батыс Сахарада, Кот-Дивуардағы, Орталық Африкадағы, Малидегі, Ливандағы миссияға әскери байқаушы штабтық офицер ретінде қатысты", - делінген баяндамада.
Сондай-ақ, Тоқаевтың ұсынысында 2017 жылдан бастап 50038 әскери қызметші Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысқаны айтылған.
Контингентті миссияға жіберу халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанның жаһандық аренадағы ролін арттыруға ықпал ететіні айтылған.