«Жаңа Қазақстан» құру бірден-бір әрі дұрыс жолы – Асқар Шәкіров
303
ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Президент ұсынған "Жаңа Қазақстан" тұжырымдасының мәні неде екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Асқар Оразалыұлы, қаңтар айының басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлығын бірге «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруға шақырды. Сіздің ойыңызша, оның мәнісі неде?"
- «Жаңа Қазақстанды» құрудағы негізгі бағыттар мен міндеттер қандай болуы тиіс?
- «Жаңа Қазақстанды» құру ісінде Сіз нені маңызды деп санайсыз?
- Қоғамда ескі билікпен «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес деген пікір бар. Бұл туралы Сіздің пікіріңіз қандай?
"Асқар Оразалыұлы, қаңтар айының басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлығын бірге «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруға шақырды. Сіздің ойыңызша, оның мәнісі неде?"
"Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен сәттен бастап, бұрын-соңды болмаған жүйелі және жан-жақты реформаларды іске қосып, жаңа Қазақстанды құруға кіріскені анық. Бұл ретте көппартиялықты дамыту және саяси партиялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оларды тіркеу кезінде сандық шегі екі есе азайтылды. Сондай-ақ, олардың Парламент Мәжілісіне өту шегі 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді. Парламенттің төменгі палатасындағы орындардың кем дегенде 30%-ы әйелдер мен жастар үшін сақталып отыр. Еліміздің жоғары заң шығару органында мүгедек адамдар үшін регламенттелген осыған ұқсас квота көзделген. Жақында Президент біздің жарты миллион отандасымыздың қауымдастығының атынан танымал қоғам қайраткерін сенатор етіп тағайындады. Құқық қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстарда жақсы білетін Ләззат Қалтаеваның заң шығару үдерісіне тиімді үлес қосатынына сенімдімін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жарияланды, құқық қорғау жүйесін жаңа қалыпта құру және жылдар бойы қордаланып қалған әлеуметтік проблемалар дәйекті түрде шешімін таба бастады. Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен тыныс-тіршіліктің барлық саласын іс жүзінде қайта құру үшін заңнамалық деңгейде негіз қалайтын реформалардың бір бөлігі ғана. Қоғам Президенттің барлық бастамаларын ықыласпен қабылдады және қолдау білдірді. Өздеріңіз білетіндей, қаңтар айындағы оқиғалар осы процеске елеулі түзетулер енгізді. Онда бүлдіргі күштер азаматтардың бейбіт митингілерін жаппай тәртіпсіздік пен төбелеске ұластырып жіберді. Бұл шын мәнінде, елдегі нақты өзгерістердің бағытын өзгертуге тырысқан әрекет болып шықты. Әрине, жоғарыда аталған жағдай елде жылдам әрі түбегейлі өзгерістер жасау үшін мүлдем басқаша ойластыруды қажет етті".
- «Жаңа Қазақстанды» құрудағы негізгі бағыттар мен міндеттер қандай болуы тиіс?
"Мәжілістегі өзінің бағдарламалық баяндамаларында, іскер топтармен кездесуде, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы ауқымды сұхбаттар барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Қазақстанды құрудың жалпы көрінісін нақты белгілеп берді. Ең алдымен, қоғамның барлық мүшелерінің әл-ауқатын арттыру мақсатында әлеуметтік теңсіздікті, ұлттық табысты әділетсіз бөлуді, әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдіктегі олқылықтарды еңсеру қажет. Бұл шаралар заң үстемдігін нақты орнатумен қатар, олигополия мен шенеуніктердің жүгенсіздігінен ада, бәсекеге қабілетті және технологиялық экономиканың қалыптасуын ынталандырады. Мен Мемлекет басшысын қоғамда, ең алдымен, әсіресе жастар арасында, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлықты ілгерілету жөніндегі ойларын толық қолдаймын. Онсыз қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер алдында әлемде бірде-бір мемлекетке төтеп беру мүмкін емес. Назар аударатын аса маңызды бағыттардың бірі, әрине, сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Өйткені, сыбайлас жемқорлық кез келген реформаны іс жүзінде жоққа шығара алатын қауіпті құбылыс болып отыр. Маңызды мәселелер өте көп, сондықтан, оқиғаларды алдын ала топшылап отырмай, Қазақстан халқына наурыздағы Жолдауында жаңа мемлекет пен қоғам құрудың жан-жақты шешімі ұсынылады деп нық сеніммен айта аламын".
- «Жаңа Қазақстанды» құру ісінде Сіз нені маңызды деп санайсыз?
"Жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың негізі ретінде мықты заңнамалық база қалыптастыру қажет. Біз, Парламент депутаттары, тиісінше, осы міндетті жедел іске асыру үшін сапалы заңдар қабылдау жөніндегі өз қызметімізге одан әрі қарқын беруге тиіспіз. Мемлекет басшысы өзінің жаңғырту жөніндегі күн тәртібінің маңызды бағыты ретінде дарынды, білікті адамдарға, өз халқы мен елінің шынайы патриоттарына жол ашуы тиіс қағидатты жаңа кадр саясатын айқындады. Мен мемлекет басқаруға қоғамның неғұрлым ауқымды топтарын заңнамалық деңгейде тарту жөнінде атап өттім. Келесі кезекте жергілікті өзін-өзі басқару институтын кезең-кезеңімен нығайту процесі тұр".
- Қоғамда ескі билікпен «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес деген пікір бар. Бұл туралы Сіздің пікіріңіз қандай?
"Мен осындай тұжырымды алға тартып, үлкен іске белгілі бір бөгет қоюды қаламас едім. Сонымен бірге, елді тұрақсыздандыруда оған бастамашы болғандардың әрекеті оның себептерін нақты көрсетті, елдегі өзгерістер олардың жеке мүдделеріне қауіп төндіре бастаған болатын. Әрине, қайғылы қаңтардың тергеу нәтижелері барлық сұрақтарға толық жауап беретіні ақиқат. «Бір жеңілген күреске тоймайды» деген халық мақалын ескере отырып, алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу аса маңызды. Президент барша қазақстандықтарды – «Жаңа Қазақстан» құруға шақырып отыр, қоғам санасындағы оң өзгерістер осы жолдың бірден-бір әрі жалғыз дұрыс жол екенін көрсетті".