Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» жобасына атсалыса береді - мемлекет басшысы

1 613

Президент өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» жобасына атсалыса беретінін мәлім етті.


«Көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуымыз қажет. Он жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза «Бір белдеу – бір жол» бастамасын ұсынған болатын. Содан бері осы ауқымды жобаның тиімділігіне және қажеттігіне бүкіл әлем көз жеткізді. Бұл мегажоба Ұлы Жібек жолын жаңғырту ісіне ықпал етті. Сондай-ақ, көптеген елде заманауи көлік инфрақұрылымын салу жұмысын жандандырды. Қазақстан – Қытайдың жақын көршісі әрі сенімді серіктесі. Сондықтан, «Бір белдеу – бір жол» жобасына атсалыса береді. Осы орайда, Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


«Бұл сала Орталық Азияның экономикалық дамуына берік тұғыр бола алады. Аймақтағы елдер бірлесіп, соңғы жылдары бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл – қуанышты жағдай. Оған Қытайдың атсалысуы жобалардың табысты болуына септігін тигізері анық. Мен Орталық Азия мен Қытайдың өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын дамыту жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Бұл жоспарды аймақтағы барлық елдің ерекшелігі мен сұранысын ескере отырып жасаған жөн», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.