Президент Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшісін тағайындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Ал Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.