Президент Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

2 681

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: пресс-службы АкордыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшісін тағайындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Ал Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

«Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», – делінген хабарламада.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.