Экс-әкімнің 90 миллиондық сағаттарын ұрлап, көшірмесімен ауыстырып кеткен

2 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАстанада Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке тиесілі 90 миллион теңгелік қымбат сағаттар ұрланды. Күдікті ұрланған түпнұсқалардың орнына алдын ала сатып алған көшірмелерін қалдырып кеткен. Мұны Астана қаласының полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Байбек отбасымен бірге шетелге кеткен кезде болған. Тергеу мәліметінше, 31 жастағы Нұрболат есімді ер адам бұрынғы шенеуніктің көмекшісінің көмекшісі болған. Ол үйдегі заттардың орналасқан жерін жақсы білген. Күдікті үй иелерінің елден кеткенін пайдаланып, қызметтік көліктен алдын ала алған қосалқы кілттермен үйге кірген.

Ол қымбат сағаттарды жай ғана ұрлап кетпеген. Күдікті алдын ала Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркалы сағаттардың көшірмелерін сатып алып, үйдегі түпнұсқаларды солармен ауыстырған. Осылайша ол жалпы құны 90 миллион теңге болатын люкс сағаттарды иемденіп кеткен. Алайда жоспар ұзаққа созылмады. Үй иелері оралған соң сағаттардың түпнұсқа емес екенін байқап, полицияға хабарласқан.

Құқық қорғау органдары күдіктіні жедел анықтады. Ол қылмысын мойындап, ұрланған заттарды сатып алған адамның аты-жөнін де айтқан.

Астана қаласы полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Егер кінәсі дәлелденсе, күдікті бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.