Үкімет қашан отставкаға кетеді?

401

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет қашан отставкаға кетеді деген сұраққа жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, атқарылып жатқан шаруаларға көңілі толады екен - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

“Жұмыспен қамтуға байланысты жоспардың толық орындалуын көрдіңіздер. Эпидахуалға қатысты жағдайдың бәрін көріп жатсыздар. Сондықтан Құдайға шүкір. Мұны жасалынып жатқан үлкен жұмыстардың нақты нәтижесі деп қарастыру керек. Оның бағасын президент береді, халық береді” – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. 
Үкіметтің отставкасы туралы өткен аптадан бері айтылып жүр. Мәжілістің отырысынан кейін тілшілер мұны премьер-министр Асқар Мәминнің өзінен сұрап көрмек болған. Алайда Үкімет басшысы қаша жөнелді.

Соңғы кезде атқарушы биліктің жұмысына халықтың көңілі толмайды. Жанармай, азық-түлік пен тұрғын үй құнының тоқтаусыз өсуі қазір өзекті. Ал Мәмин бастаған Министрлер кабинеті мұнымен қалай күреседі, оның барлығы жабулы қазан күйінде. Айта кетейік, қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында өз міндетін орындай алмағандардың орынтағынан кетуін сұраған-ды.

 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.