Президенттікке кандидат ретінде Салтанат Тұрсынбекова ұсынылды

449

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Ұйым мәліметінше, 11 қазанда Астанада "Қазақ аналары - дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтіп, онда президенттікке кандидат ұсыну мәселесі қаралған.


"Жиналысқа қатысушылар белгілі қоғам қайраткері, құқық қорғаушы Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызын алдағы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде ұсынды.
Бірлестік басшысы Айнұр Жүгінісова Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы ана мен баланы қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттауға белсенді атсалысып жүргенін айтты", - делінген хабарламада.

Салтанат Тұрсынбекова көп жылдар бойы азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғаумен айналысып келеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.

Мақсатым құр сайлауға қатысу емес. Еліміз үшін маңызды іс-шараның жауапкершілігін сезініп, саяси додаға қатысайын деген шешімге келдім. Бүгін құжат тапсырамыз, бәрі сәтті өтсе, бағдарламамды пысықтап, таныстырамын, - деді Салтанат Тұрсынбекова.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.