Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шараларға толықтырулар енгізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарлықта әйелдерге қатысты кемсітуді жоюға, адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты бөлімдер бар. Мемлекет басшысы бұл жарлыққа былтыр 9 маусымда қол қойған. Енді соған толықтырулар енгізді. Атап айтқанда: әйелдерге қатысты кемсітуді жою; ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге жәрдемдесу; бірлесу бостандығына құқық; мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары; адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары; адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету; мигранттардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтары;
БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру.
Жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын,— делінген жарлықта.