Тоқаев үш елдегі Қазақстан елшілерін ауыстырды

2 513

Фото; PinterestМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттердегі Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Президенттің жекелеген жарлықтарымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ал Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.