Олжас Бектенов Smart Turmys платформасын енгізуді жеделдетуді тапсырды

2 510

Фото: prime-minister.kzПремьер-министр Олжас Бектенов Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов энергетика және коммуналдық секторларға цифрлық құралдар енгізудің маңызын атап өтті.

"Энергетика және коммуналдық секторлардағы цифрлық құралдар барлық бизнес-үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады. Өнеркәсіп және энергетика министрліктері Smart Turmys бірыңғай цифрлық платформасын енгізу жұмыстарын жеделдетсін",— деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін тұтынушылар топтары бойынша сараланған коммуналдық ресурстарды есепке алу құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған бірыңғай стандарттарды қабылдау міндеті қойылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.