Әйелдерге қатысты кемсіту жойылады. Тоқаев жарлыққа толықтыру енгізді

486

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шараларға толықтырулар енгізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарлықта әйелдерге қатысты кемсітуді жоюға, адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты бөлімдер бар.

Мемлекет басшысы бұл жарлыққа былтыр 9 маусымда қол қойған. Енді соған толықтырулар енгізді. Атап айтқанда:
әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге жәрдемдесу;
бірлесу бостандығына құқық;
мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
мигранттардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтары;


БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру.

Жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын,— делінген жарлықта.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.