Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

712
Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Төрәлиев тағайындалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Кәрімбекұлы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы «Фармация» акционерлік қоғамының экономист-менеджері болып бастаған.


Әр жылдары Қызылорда облыстық энергетика, құрылыс және тау-кен шаруашылығы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.


Әр жылдары облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, осы салаға жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің су және су бұру басқармасының басшысы, «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.


2020 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін «Ер-Ару» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры лауазымын атқарып келді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.