Биыл 350 әкім жаңадан сайланбақ

258
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізде болатын жаңашылдықтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, 2022 жылдың күзінде басталған жаңа сайлау циклі жалғасын табады. Алдымен 14 қаңтарда Сенат депутаттарына таңдау жасалады. Сосын кезек Мәжіліске келеді. Одан бөлек, биылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайланады.

Ауыл әкімдерінің корпусын жаңарту жалғаспақ. 350-ден астам ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жоспарланып отыр. Сайлау мыңнан астам ауылдық елді мекенді қамтиды. 2023 жыл өткен жылға қарағанда ішкі саяси оқиғаларға толы болмақ, - деді Ерлан Қарин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.