Украина даласында 120 қазақ мерт болған
Мобилизация жарияланған соң, Ресейдегі этникалық қазақтар мекендеген ауылға соғысқа жіберу туралы шұғыл хабарлама келуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің ауылдық елді-мекендерінде тығыз шоғырланған этникалық қандас қазақтарымыз соғысқа шақырған бір жапырақ қағаздарын алып, майдан даласына жеңіс туын тігердей, қуана аттануда. Ауылда тұрмыс кешіп жатқан еркектердің басым бөлігі жұмыссыз, деревняны тоздырып жүргендер. Олардың кейбіреулері әскерге барған болса, кейбіреулері әскери борышын өтемегендер. Жалпы соңғы санақ бойынша Ресейде этникалық қазақтардың 700 мыңдайы шоғырланған.
Путиннің мәлімдемесінен кейін Ресейліктер елден безіп басым көпшілігі жақын жер Қазақстандағы Солтүстік өңірлерге бой тасалап кіруде.
Кешеден бері Теріскей вокзалы Ресейліктерге лық толы болды. Келушілердің көбі 20-35 жас аралығындағы жігіттер.
Петропавлда қазір таксишілерде маза жоқ. Тұтынушы көп. Әсіресе, алысқа тасуды сұрайтын жолаушылар жетерлік. Олар соңғы тәулікте шекараға апарып, алып келуді сұраушылар саны күрт артқанын айтады. Жолаушыларды шекараға апарағаннан гөрі, алып қайту жағы басым. Жүргізушілер шынын айтты: келіп жатқандардың көбісі мобилизациядан қашып, амалдаған ресейліктер.
РФ Президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялады. Осыдан кейін желіде Ресей Федерациясынан Түркияға, Қазақстанға және басқа елдерге билеттер көптеп сатып алына бастағаны туралы хабарламалар пайда болған. Ал Ресей – Қазақстан құрлықтық шекарасында Ресей жақтан келіп тұрған көліктердің ұзын-сонар кезегі байқалады.