Президент еңбек демалысына шықты
2 501
Президент еңбек демалысына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 тамызда еңбек демалысына шығып, бір апта демалған болатын.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2021 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізді.