Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады

2 677

Фото: пресс-службы АкордыПрезидент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.

Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.