"Қорғас" жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс

2 204
Премьер-министр Әлихан Смайылов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Пандемия басталғаннан бері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұр. Үкімет басшысы қабылданып жатқан шаралар мен қалыптасып отырған сыртқы экономикалық ахуалдың нәтижесінде Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне және әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік тораптардың біріне айналатынын атап өтті. Сонымен қатар, 


"Облыс аумағында "Достық" және "Нұр жолы" екі халықаралық өткізу пункті, "Достық" және "Алтынкөл" шекаралық теміржол стансалары орналасқан, халықаралық транзиттік маршруттар өтеді. Өңірдің барлық мүмкіндіктерін көлік-логистикалық салаға тарту қажет. Ал, "Қорғас" жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек," - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр жалпы көлік саласында заманауи инфрақұрылымды құру үшін Үкімет ірі халықаралық серіктестерді тартатынын айтты. Атап айтқанда, "Достық" станциясында көпфункционалды жүк тасымалдау терминалы салынды. Жалпы жүк айналымы жылына 1 миллион тоннадан астам, инвестиция сомасы 3 млрд теңгені құрайтын қойма қуатын енгізу жоспарланған. Сондай-ақ 500-1000 бірлікке арналған еурофур жеке паркін қалыптастыру жоспарлануда. Бастапқы кезеңде мұнда инвестициялардың жалпы көлемі 5 миллиард теңгеден асады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.