2 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

1 147

Фото: t.me/aqorda_resmi2 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, президент кезекті жолдауын парламент палаталарының бірлескен отырысында жасайды. 

"Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады", - делінген ресми хабарламада.

 Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады. Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойғанын жазған едік.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде. 

 28 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясы жабық деп жарияланып, сенат және мәжіліс депутаттары каникулға кеткен еді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.