Қазақстанда жаңа қала пайда болады

2 561

Алматы облысында Алатау қаласы құрылады. Облысқа қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы шешім қабылдаймын. Облыстық маңызы бар қала», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында.

Үкімет қаулысы 29 қарашаға дейін талқылауда болып, президенттің қарауына жіберілмек. Жарлыққа президент қол қойып, алғаш ресми жариялаған соң, қолданысқа енгізіледі.


Айта кетейік, Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15 мың адам тұрған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.